Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған


Ақпанның 9-ыншы жұлдызында Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУдің Экономикалық колледжінде қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кеші өтті.Бұл кеш «қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиялардың ірі тұлғаларының бірі,әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдерімен оқырман сүйіспеншілігіне бөленген М.Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты- М.Мақатаевтың ақындық талантын студент жүрегіне ұялату,олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болатын.Поэзиялық кеш өз деңгейіне сай, мәнді де мағыналы өтті.Кешке І курс студенттерінен 12 топ өз кураторларымен қатысты.Әрбір топқа ақиық ақынның шығармаларынан айтылған тақырып бойынша өлеңдер оқуға берілді.Әр топтың студенттері жалынды үндерімен сүйекті шымырлатып,өлең-жырларынан халықтың жүрегіне жеткізетіндей әсер қалдырды.Бұл жерде тек жыр жырлап емес,сазды әуен де,арнау да,көркем көрініс те сахнаны биіктете түсті.Топ кураторлары да өз өнерлерін ортаға салды.Олар да ақынның өздеріне қаншалықты жақын екенін –бірі әсем дауыстарымен,бірі жыр-шумақтарымен көрермендердің мархабатына бөленді.Кейбір топтар Мұқағали атамыздың жырларынан үзінді ретінде көрініс қойып,залда отырған адамдардың жүректерін елжіретіп,біраз көрермендердің көздеріне жас ұялатқан сәт те болды.Кеш соңында сөз колледждің бас директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Дәркенбайқызына беріліп,оның болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары,сол кеш барысында студенттерге шабыт беріп,өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімін білдірді.

Ақынның өлеңін еңкейген қарттан тәй-тәйлеген балаға дейін біледі десек,қателеспеген болар едік. Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздері жүрегімізден мәңгі орын табады. Мұқағали мұрасы-халық қазынасы.

Бүгінгі кештің куәгері болып, белсенді атсалысқандары үшін студенттер мен ұстаздарға шексіз алғысымды білдіремін.

1-курс Менеджмент тобының студенті

Қабдолда Ақмарал


1_3 2


3 4

 
 
 
Приемная комиссия

Отзывы о нашем колледже

Мен,Амирова Ғалия Қаржы тобының 1-курс студентімін. Қапшағай қаласының №4 орта мектепті негізгі мектебін үздік куәлікпен бітірдім. Көп ойланып, жақсы білім беретін мекеме іздестірдім. Осылайша ЖЭУ-дің Экономикалық колледжіне түстім, алайда ақылы бөлімге түстім. Мұғалімдері өте жақсы кісілер, сенің білімінді одан ары дамытуға көмектеседі. 1 семестрді үздік аяқтағандықтан, мені ақылы бөлімнен грант бөліміне ауыстырды. Қазір қаржы-02 тобында оқып жатырмын. Егер бұл колледжге түссеңіздер талай жетістіктерге жетесіздер. Бұл колледждің мәртебесі жоғары. Жақсы білім алып қана қоймай, өзіңіздің мамандықтарыңызды шыңдай аласыздар.
Амирова Галия Ериковна   студентка 1 курса   Экономический колледж при НЭУ
Фотогалерея

 
экономический колледж
15 фотографий в альбоме