Ойдан басқа серігім жоқ

Желтоқсанның 8-ші жұлдызында колледжімізде «Жасын» жастар шығармашылық ұйымының ұйымдастыруымен «Ойдан басқа серігім жоқ» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке «Кең дүние», «Көкемарал», «Уақыттың жүрегi» атты жыр жинақтарының авторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Бақыт Беделханұлы қонақ болып, колледжде алғаш рет жұмысын бастаған әдеби үйірменің тұсауын кесті. Кездесу барысында ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, студенттер ақын өлеңдерінен үзінділер оқып кештің шырайын ашты. Сөз кезегі келгенде ақын Б.Беделханұлы өз шығармашылығы хақында әңгімелеп, жырға сусаған өрендерге өлеңдерінен оқып, жиналған көпшілікті тәнті етті. Әңгіме барысында сұрақтарын жаудырған студенттерге ақын аға ағынан жарыла жауап қатып, өз оқырмандарына шексіз алғысын білдірді. Кеш соңында ақын Б.Беделханұлы игі іс-шараны ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдіріп, жас оқырмандарымен естелік үшін суретке түсті. Әдеби кеш соңында ақын ағасын қаумалаған жырсүйер жастар рухани сырласу кешін қимай-қимай тарасты

SAM_6403

SAM_6404

SAM_6406

 
 
 
Приемная комиссия

Отзывы о нашем колледже

Мен,Амирова Ғалия Қаржы тобының 1-курс студентімін. Қапшағай қаласының №4 орта мектепті негізгі мектебін үздік куәлікпен бітірдім. Көп ойланып, жақсы білім беретін мекеме іздестірдім. Осылайша ЖЭУ-дің Экономикалық колледжіне түстім, алайда ақылы бөлімге түстім. Мұғалімдері өте жақсы кісілер, сенің білімінді одан ары дамытуға көмектеседі. 1 семестрді үздік аяқтағандықтан, мені ақылы бөлімнен грант бөліміне ауыстырды. Қазір қаржы-02 тобында оқып жатырмын. Егер бұл колледжге түссеңіздер талай жетістіктерге жетесіздер. Бұл колледждің мәртебесі жоғары. Жақсы білім алып қана қоймай, өзіңіздің мамандықтарыңызды шыңдай аласыздар.
Амирова Галия Ериковна   студентка 1 курса   Экономический колледж при НЭУ
Фотогалерея

 
экономический колледж
15 фотографий в альбоме