Экономический Колледж Университета Нархоз

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр тар жолда тайғақ кешіп, ұлтының қамы үшін азар да безер болып, мұз жайнап, от кешкен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас шиырлатады. Ұлы терорлық әрекет қазақ баласын аямай орға жығып, тірілей құздан итерді. Елім деп емешегі үзілген қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев. С. Асфендияров… суық қарудың көзіне ілінді.

Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!