Narxoz университетінің экономикалық колледжі

Банк және сақтандыру ісі (0516000)

1. Кәсіби қызметінің өрісі.

Осы мамандық бойынша бітірушілер барлық қызмет салалары мен жеке меншік түріндегі кәсіпорындарда, қаржылық және сақтандыру органдарында, банктік мекемелерде, бағалы қағаздар нарығында басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтерді жүзеге асырады.

Қаржы жөніндегі маман ақшалай-несиелік және микро-, макродеңгейдегі фискалдық саясатты жүргізумен, қаржылық басқару және ұйымдастырумен айналысады. Осы профильді маман компанияның қаржылық жағдайына талдау жүргізуді, кірістерді ұлғайтуды, шығындар мен тәуекелдерді азайтуды ұйымдастырады, сапалы қаржылық қызмет көрсетуде нарық талабын қанағаттандыруы қажет.

2. Кәсіби  қызметінің обьектілері:

  • республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар;
  • Қаржы минситрлігі;
  • экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
  • банкілер;
  • инвестициялық қорлар;
  • бюджеттік мекемелер мен ұйымдар.

3. Кәсіби қызметінің түрлері:

  • есеп-қаржылық;
  • бақылау-ревизиялық;
  • ұйымдастыру-басқарушылық.

4. Бітірушінің біліктілігі – қаржылық жұмыстағы экономист.