Narxoz университетінің экономикалық колледжі

Маркетинг (0513000)

1. Кәсіби қызметінің өрісі.

«Маркетинг» мамандығы бойынша бітірушілер басқару, кәсіпкерлік, коммерциялық жұмыстарын әр түрлі меншікті кәсіпорындарда  және қызмет ету саласында атқарады.
Олар Қазақстан экономикасының кез-келген саласында қызмет атқара алады. Бұлар болашақ бизнесмендер (кәсіпкерлер), кеңесшілер, түрлі жұмысты ұйымдастырушылар, қазіргі кездегі  өндірісті нарықты игеретін менеджерлер.

2. Кәсіби  қызметінің  обьектілері: 

  • әртүрлі нысанда жекешеленген сауда бірлестіктері;
  • қызмет көрсету саласындағы фирмалар мен ұжымдар; 
  • биржалар; 
  • акционерлік қоғамдар; 
  • қызмет көрсету кәсіпорындары.

3. Кәсіби қызметінің  түрлері:

  • өндірістік басқару жұмысы;
  • өндірістік-технологиялық;
  • есептеу-жобалау;
  • сервистік пайдалану.

4. Бітірушінің біліктілігі - маркетолог.