Narxoz университетінің экономикалық колледжі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне және баламалы тұлғаларына біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауды өтеуге құжаттарды қабылдау

  • Мемлекеттік қызметтің атауы:
  1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне және баламалы тұлғаларының біліктілік санаттарды алу (растау) үшін аттестаттауды өтеуге құжаттарды қабылдау.
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бекіткен уәкілетті органның бұйрығының күні мен нөмірі:
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығы.
  • Өтініштерді орындау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру орындары:
  1. «Азаматтарға арналған Үкімет» МАО мемлекеттік корпорациясының филиалдары, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасарының кабинеті (1 қабат, 112 кабинет).
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлға:
  1. Жакупова Заураш Мухамеджановна, жұмыс тел. 391-10-41 ішкі номер 111, ұялы.тел. +77772369057;
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  1. 2-қосымшаға сәйкес аттестацияға өтініш; 
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білім туралы диплом көшірмесі;
  4. Біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;
  5. Қызметкердің жұмысын растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. Бұрын берiлген бiлiктiлiк санаты туралы куәлiктiң көшiрмесi (жоғары оқу орнынан берiлген және бiлiктiлiк санаттары жоқ педагог қызметкерлердi қоспағанда); 
  7. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минитстрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамызында №323 бұйрығымен бекітілген аттестаттау ережелеріне және шарттарына педагогикалық қызметкерлер мен олармен теңестірілетін мектепке дейінгі білім беру оқу бағдарламаларында, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында лауазымға ие адамдарға сәйкес кәсіби жетістіктер (егер болған жағдайда)
  • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 20 минут. Құжаттар пакетін жеткізу үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 20 минут. Ең көп рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 20 минут.
  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
  1. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес педагогикалық қызметкерлер мен олармен теңестірілетін техникалық және кәсіптікті білім беруді жүзеге асыратын бағдарламалар мен білім ұйымдарында лауазымға ие адамдарда білімділік санатын алу үшін аттестаттауға арналған құжаттарды қабылдауға арналған қолхат.