Экономический Колледж Университета Нархоз

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бұл күн жаңа егеменді Қазақстанның құрылғанын, қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманының – өз тағдыры мен тарихын дербес анықтауға қол жеткізгенін айшықтайды.  Отанымыздың бостандығы үшін күрескен - ұлттық батырларымызға, қазақ даласының ұлы ұлдары мен қыздарына тағзым етеді.  Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып қазақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс тілейміз.
Ұлы мереке бізге әрқашан Отанымыздың ізгілігі, келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын қайсар күш-қуат, берік сенім сыйласын!