Экономический Колледж Университета Нархоз

“Талант-табиғаттан, талап- өзіңнен” атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі

16.02.2022 ж. “Талант-табиғаттан, талап- өзіңнен” атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында математика пәнінен “Математикалық ғажайып алаң” атты іс-шара өтті.

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыландыру. Математика пәніне қызығушылықты ояту, логикалық интеллектуалды ойды қалыптастыру. Оқудағы білімдерін тексеру, шығармашылық және танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.

         Іс-шараға қатысқан білімалушылар өздерінің білімдерін,дайындықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін,есептерді тез әрі дұрыс шығара алатындарын көрсетті.