--
Республика күні-бостандық пен бірлік мерекесі!
--
Narxoz колледжінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты–студенттердің бойында патриотизмге тәрбиелеу, ел тарихын құрметтеу және Тәуелсіздіктің құндылығын түсіну. Мереке барысында студенттер Республика күніне арналған патриоттық әндер, би нөмірлері мен театр қойылымдарын орындады. Сондай-ақ қатысушылар өздерінің таланттарын көрсетіп, Қазақстанның жарқын болашағына сенім білдірді. Мереке барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырып, жылы және мерекелік атмосферада өтті.
