Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 10 маусымнан 14 маусым аралығында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті білім беру объектілерінің қызметкерлеріне «Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындық бағдарламасы» бойынша оқу сабақтары өткізіліп жатыр.
Негізгі мақсат білім беру объектілерінің жұмысшы құрамын төтенше жағдайларға дайындау және оқу барысында алған білімдерін білім алушыларға жеткізу, осылайша білім беру объектілерінде тұрақты қауіпсіздік жүйесін құру.