Күндізгі оқытудың 2 курс қонақ дәріс сабағын өткізу шеңберінде ЖШС «TSPM» (ТРЦ Dostyk Plaza) Ұйымының жарнама бөлімінің басшысы Утегенова Азиза Советовна
Тақырып: «Сауда орталықтарының маркетингі».
Өткізу күні: 2024 жылғы 16 ақпан сағат 16.00 - ден 17.20 - ге дейін
Өтетін орны: Акт залы
Оқытушы: Биготанова С. С. – ФинТех кафедрасының оқытушысы.
Қарастырылған сұрақтар:
- Сіздің ойыңызша маркетинг деген не?
- Маркетолог кім, және ол не істейді?
- Маркетолог 5 салада жұмыс істей алады.
- Маркетолог маркетолог ретінде.
- Маркетолог жарнама беруші ретінде.
- Маркетолог PR ретінде.
- Маркетолог СММ ретінде.
- Маркетолог сатушы ретінде.
- Сауда үйінде маркетолг немен айналысады.
- Сауда орталығының мақсатты аудиториясы.
- Сауда орталығының аудиториясын өзіне тарту.
- Төлем.
- Неліктен аудитория әр жерде әр түрлі және әр түрлі төлемдер.
- Фокус группа деген не, және ол қай кезде қажет.
- Әр түрлі тауардың аудиториясын анықтау.
Сауда маркетингі — нарықта тауарлық белгінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне тауарды тұтынушыға дейін жеткізу ептілігі. Сауда жəне тұтынушы маркетингтердің мақсаттары мен міндеттері жиі қиылысатын болғандықтан, оларды жинақтап зерттеу қажеттілігі пайда болады. Тұтынушы маркетингі тұтынушылардың қалыптасқын өмір стилін, дағдылары мен қажеттіліктерін есепке алады. Сонымен қатар, ол маркетинг құрылымының түрлі бөліктерін қолдану арқылы, осы мұқтаждықтарға əсер етіп, қанағаттандырады. Осылайша, тұтынушының тұрақты сұранысын қамтамасыз ететін белгілі бір тауарлық белгіге артықшылық беруі қалыптасады. Алайда, тұтынушы маркетингінің аясында тұтынушы тауарды сауда жүйесі арқылы алады. Сондықтан, сауда маркетингі өз міндетін сауда қызметі арқылы жүзеге асырады.
Оның негізгі мақсаты — тауарды сауда жүйесі арқылы тұтынушыға «жылжыту» бойынша, тауарлық белгінің нарықтағы тұрақты орнын қамтамасыз ету.
Тауарлар өте көп, əрі қарқынды дамыған нарық жағдайында өндірушілерге сатушылардың арасында тауар таратуға көп энергия жұмсауға тура келеді. Осы мақсатта келесі мəселелерді шешуге мүмкіндік беретін сауда маркетингінің жүйесі құрылады:
- тауар таратудың барлық деңгейлерінде, сатып алушылардың тауар алатын сауда нүктелеріне дейін маркетингтік шешімдерді жүзеге асыру;
- өндірістік-коммерциялық операцияларға жұмсалған қаржылардың өтелу мүмкіндігін жоғарылату;
- сауда кəсіпорындарының маркетингтік қызметіне коммерциялық тұрғыдан қарау;
- нəтижесіз жұмыстың себептерін табуға мүмкіндік беретін маркетингтік міндеттерді сатылап шешу жəне сол үшін жауапты адамдарды табу.
Қонақ дәрісіне қатысушылар талқыланатын мәселелерге қызығушылық танытты, олардың өзектілігін, ғылыми жұмысын жалғастыру үшін сөзсіз пайдасын, нарықты талдау және маркетинг, менеджер саласыннің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.