Экономический Колледж Университета Нархоз

25 қазан - Республика күні

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.  2022 жылдың маусым айында Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қ.К.Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Ол «Қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деп атап өтті.

Республика күні – еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері нақты бекітілді.