Экономический Колледж Университета Нархоз

Жаңа Қазақстанға - Жарқын біліммен

04 мен 29 желтоқсан аралығында Нархоз Университетінің экономикалық колледжінің  "Жалпы білім беру" пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен "Жаңа Қазақстанға - жарқын біліммен!" атты айлық болып өтті. Айлық аясында студенттер көрмесі, тарихи танымдық сайыстар, интеллектуалды ойындар, дебат, квест, зияткерлік сайыстар өтілді. 

Айлық шымылдығын  тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы  Тайрова Б.К. 1 және 2 курс студенттерінің "Менеджмент" мамандығымен бірлескен  "Ой мен ойын" атты тарихи-танымдық сайыспен ашты. Әр күнге бекітілген іс-шаралар өз деңгейінде өтілді.

Тарих және қоғамдық пәндер оқытушы Ермағанбетов Қ.К. 2 курс студенттерінің арасында "Тарих әлеміне саяхат" атты блиц-турнир, Лю О.А. ұйымдастырған "Вклад Аль-Фараби в мировую науку" тақырыбында пікір-талас, география пәнінің оқытушысы Абдыкулова А.Т. "Удивительная география" тақырыбында викторикалық жарыстар болып өтті.

Жас мамандар Балтабаева А.Е. ұйымдастырған 1 курстар арасында "Қызықты физика" интелектуалды ойнын, географи пәнінің оқытушысы Ерболат Елай "Дамушы елдердің жаһандық мәселелері" тақырыбында дебат, Жақан А. "Химия ғажайыптары" сайыс сабағы, қоғамдық пәндер оқытушысы Бахибаева А.А. "Семейные ценности" тақырыбында зияткерлік ойын, биология пәнінің оқытушысы Серік А. "Адамзаттың шығу тарихы бойынша жалпы түсінік" тақырыбында дебат сабақтар өтілді.

Математика пәнінің оқытушылары Сатжанова Д.Ж. "По стране математики", Мақатай Ж.Д. "Математик - Businessman", Тұржан А.Б. "Математикалық кафе" тақырыптарында интеллектуалды ойындар өткізді. Ал физика пәнінің оқытушысы Саудабаева Ш.К. "Путешествие в мир физики" тақырыбында квест сабақ өз дәрежесінде өтті.

Әрбір іс-шара студенттердің ойлау, танымдық, есте сақтау қабілеттіліктерін арттыруға, әр пәнге деген қызығушылқтарын өрістетті.