Экономический Колледж Университета Нархоз

«Қаржы нарығындағы цифрлық сауаттылық» атты тақырыбындағы пәндік іс-шараның ашылу салтанаты

2024 жылдың 2 ақпанында Нархоз университетінің экономикалық колледжінде «Финтех» кафедрасының ұйымдастыруы мен «Қаржы нарығындағы цифрлық сауаттылық» атты тақырыбында пәндік іс-шараның ашылу салтанатты өтті.

Декаданың ашылуын «Финтех» кафедрасының меңгерушісі  – Сманов Асетхан Арыстанұлына сөз берілді, кафедра оқытушыларын сонымен қатар  колледж  студенттерін декаданың ашылу мен құттықтады. Іс – шарасының ашылуы музыкалық  және қызықты ойын бағдарламалары түрінде өтті. Сондай-ақ «Қаржы нарығындағы цифрлық сауаттылық» атты тақырыбында Алматы тұрғындарынан бейне сұхбат әзірленді.

Бұл іс-шараның 02.02.2024 пен 29.02.2024 аралығына дейін жалғасын табады. Пәндік іс-шарада әр-түрлі байқаулар, ашық сабақтар, пікір сайыстар, қонақтық дәрістер және  басқа да жоспарланған іс-шаралар  ұйымдастырылады. Сондай-ақ колледждің білім алушылары «Қаржы  нарығындағы цифрлық сауаттылық» атты тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.