
🎓 Халықаралық деңгейдегі кәсіби жетістік!
Біздің колледждің жас әрі талантты маманы, психолог Кәрімбай Ақерке Түркиядағы әйгілі Стамбұл университетінде өткен екі бірдей халықаралық курсты сәтті аяқтап, халықаралық сертификаттарға ие болды! 🌍📜
🔹 “Social Emotional Learning” — 72 академиялық сағат көлеміндегі курс, 2024 жылдың 19–24 сәуір аралығында өтті. Бұл бағдарламада тұлғаның эмоционалды интеллектісі мен әлеуметтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ заманауи білім беру процесінде эмоциялық қолдаудың маңыздылығы қарастырылды.
🔹 “Management and Leadership in Educational and Industrial Work: International Experience” — 80 академиялық сағаттық кәсіби даму бағдарламасы, 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін жалғасты. Бұл курс білім беру мен өндіріс саласындағы тиімді басқару, көшбасшылық дағдылар және халықаралық тәжірибелерді қамтыды.
📍 Екі курс та Стамбұл университетінің Фараби Еуразиялық зерттеу және тәжірибе орталығы (FAMER) базасында ұйымдастырылды. Ақерке өз білімін әлемдік деңгейде шыңдап, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби әлеуетін одан әрі дамытты.
Біз әріптесіміздің бұл жетістігін мақтан тұтамыз және болашақта да осындай биіктерден көріне беруіне тілектеспіз! 💫