Мансапқа жол ашатын колледж
1-курстан бастап ForteBank, Beeline Kazakhstan, Halyk Bank және Kaspi.kz компанияларында тәжірибе жинау мүмкіндігі. Нақты жобалармен жұмыс істеп, алғашқы табыс табу. 3 жыл ішінде дайын маман болып шығу. 3-курстан бастап университетке ҰБТ-сыз түсу мүмкіндігі.
Онлайн оқуға түсу

Қабылдау комиссиясы ресми түрде ашық

Құжаттарды бүгіннен бастап тапсырып, Narxoz College студенті атануға алғашқы қадамыңызды жасаңыз. Біздің мамандар мамандық таңдаудан бастап құжаттарды рәсімдеуге дейінгі барлық кезеңде сізге қолдау көрсетеді.
Құжат тапсыру
Қабылдау комиссиясы ресми түрде ашық

Қабылдау комиссиясының бітуіне дейін

Narxoz College болашақ студенттері үшін құжат қабылдау басталды
Оқуға тапсыру
00 күн
00 сағат
00 минут
00 секунд

Консультацияға жазылыңыз

Неліктен бізді таңдау керек?

Бизнес саласында жұмыс істейтін оқытушылар
Бизнес саласында жұмыс істейтін оқытушылар

Теория емес, практикаға негізделген оқыту: бухгалтерлер, маркетологтар, заңгерлер және IT-мамандар өз саласында күнделікті жұмыс істей отырып, студенттерге нақты тәжірибесімен бөліседі.

Практикаға негізделген оқу
Практикаға негізделген оқу

1-курстан бастап студенттер нақты жобалармен жұмыс істеп, портфолио мен тәжірибені оқу кезінде-ақ қалыптастырады.

Өзекті білім беру бағдарламалары және халықаралық мүмкіндіктер
Өзекті білім беру бағдарламалары және халықаралық мүмкіндіктер

Бағдарламалар нарық талаптарына сай үнемі жаңартылып отырады, ал студенттер халықаралық сертификаттар алып, 3-курстан бастап университетте оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

Нақты нәтиже әкелетін дағдылар
Нақты нәтиже әкелетін дағдылар

Оқу барысында студент тек білім алып қана қоймайды — ол табыс таба бастайды, мамандықты терең түсінеді және еңбек нарығына сенімді түрде шығады.

Оқу құны

Күніне оқу құны
3195₸
Жылына оқу құны
1 150 000₸

Колледждің сандық көрсеткіштері

Студенттер
1053
Түлектер
11 154
Жұмысқа орналасу
80%
Мамандықтар
7

Түлегіміздің жетістік тарихы

Алина Дәуітбек
Бітірген жылы: 2024 жыл
Алина Нархоз колледжіне нақты мақсатпен түсті - сұранысқа ие мамандық алып, мүмкіндігінше тез еңбек нарығына шығу.
Оқу барысында ол колледждің жетекші серіктес компанияларының бірінде тағылымдамадан өтті, digital-маркетинг құралдарын меңгерді және ағылшын тілінің деңгейін айтарлықтай арттырды.

Алина оқу барысында алған білімін тәжірибеде қолдана бастады. Бүгінде колледжді бітіргеніне бір жылдан аз уақыт өтсе де, ол Қазақстандағы ірі компаниялардың бірінде маркетолог лауазымын атқарып, ай сайын 500 000 теңгеден бастап табыс табады.
«Нархоз маған тек диплом ғана емес - мамандық, сенімділік және нақты бизнестің қалай жұмыс істейтінін түсінуді берді», - деп бөліседі Алина.
Алинаның тарихы Нархоз колледжінің практикаға бағытталған оқыту тәсілі жұмыс істейтінін айқын көрсетеді. Біз жай ғана түлектерді емес - бірінші күннен-ақ сұранысқа ие мамандарды дайындаймыз.
Касенов Ильяс
“Менеджмент” мамандығының пән оқытушысы / KOKO дүкендер желісінің экс директоры
Кабышева Айгерим
«Маркетинг» мамандығы пәндерінің оқытушысы / Маркетолог / Бизнес-тренериплин по специальности «Маркетинг» / Маркетолог / Бизнес-тренер
Аламанова Жибек
«Есеп және аудит» мамандығы пәндерінің оқытушысы / Бухгалтер

Оқытушылардың сапалық құрамы

Педагог-зерттеуші
1
Педагог-сарапшы
3
Педагог-модератор
16
Бірінші санат
2
Екінші санат
3
Магистр
32

Narxoz College директорының сөзі

Мақсат Абайдуллаев

Құрметті достар!

Нархоз колледжі — кәсіби мамандар мен болашақ көшбасшылар қалыптасатын заманауи білім беру кеңістігі. Біз мынаған сенеміз: сапалы білім беру — бұл тек білім ғана емес, ол мінез, ойлау қабілеті және динамикалық әлемде жеңіске жетуге дайын болу.

Біз үнемі дамып отырамыз, бағдарламаларды жетілдіреміз және оқытудың үздік тәжірибелерін енгіземіз. Біздің студенттер серіктес жетекші компанияларда тәжірибеден өтеді, күшейтілген ағылшын тілі курсын оқиды, қолданбалы маркетинг пен кәсіпкерлікті меңгереді, сондай-ақ Bitlab Academy-дің қосымша бағдарламаларына қол жеткізе алады. Мұның бәрі жұмыс берушілер күтетін маманды қалыптастырады.

Нархоздың ерекше мақтанышы — ашықтық пен диалог атмосферасы. Біз студенттерімізді тыңдаймыз, олардың бастамаларын қолдаймыз және әрбірінің тұлғалық әрі кәсіби дамуына жағдай жасаймыз.

Нархоз колледжі — бұл жай ғана оқу орны емес. Бұл көбірек нәрсені қалайтындар үшін бастау нүктесі.

Қосылыңыз — сіздің болашағыңыз осында басталады.

Біздің серіктестеріміз

Топ 5 сұрақ

Narxoz College-ге түсер алдында білу маңыздының бәрі — бір жерде.
Жоқ. Қабылдау кезінде емтихан да, тестілеу де талап етілмейді. Колледжді бітіргеннен кейін университетке түсу кезінде де қосымша емтихан қарастырылмаған.
Иә. Құжаттарды WhatsApp жүйесі арқылы қашықтан тапсыруға болады.

Иә. Ауысу үшін транскрипт және бұрын тапсырылған құжаттар топтамасы қажет.
Оқу мерзімі 9-сыныптан кейін — 2 жыл 10 ай, 11-сыныптан кейін — 1 жыл 10 ай.
Иә. Колледжді аяқтағаннан кейін түлек бейіндік бағыты бойынша университетте оқуын бірден 3-курстан жалғастыра алады.