Оқу бағдарламаларын жаңарту --
Оқу бағдарламаларын жаңарту

 

26 маусым күні колледжімізде құқықтану саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру және білікті мамандарды даярлау мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес құқықтық білім берудің мазмұнын жаңарту, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және болашақ заңгерлерді практикалық даярлауға басымдық беру болды.

Аталған кездесуге келіп қатысқан практик заңгерлердің, құқық саласындағы сарапшылардың, мемлекеттік органдар мен заңгерлік бірлестіктердің өкілдерінің іс жүзінде теория мен тәжірибені ұштастырудағы мол ғылыми және практикалық тәжірибелері – білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді тартуға мүмкіндік береді. Олардың кәсіби пікірі мен сараптамалық бағалаулары болашақ заңгерлерді даярлау жүйесін жетілдіруге зор үлес қосты.

Кездесу қорытындысы бойынша құқықтық білім беру бағдарламаларына қосымша курстарды енгізу және құқықтық жүйе мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында студенттерге теориялық және практикалық аспектілерін біріктіруге бағытталған ұсынымдар қабылданды.