--
Upgrade School дәрісі Narxoz колледжінде!
--
Narxoz колледжінде Upgrade School өкілі өткізген мотивациялық дәріс өтті
Narxoz колледжінде Upgrade School өкілі Юсупов Аблай өткізген мотивациялық дәріс өтті. Кездесу барысында студенттер заманауи білім беру үрдістері, кәсіби өсу мүмкіндіктері және жеке мақсаттарға жету жолдары туралы маңызды ақпарат алды.
Аблай Юсупов өз тәжірибесімен бөлісіп, табандылық пен үздіксіз дамудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер дәріс барысында белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Кездесу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, студенттерге жаңа жетістіктерге ұмтылуға мотивация берді.
