Арнайы пәндер онкүндігінің ашылуы мен жабылуы: кәсіби дамудың жаңа бағыты --
Арнайы пәндер онкүндігінің ашылуы мен жабылуы: кәсіби дамудың жаңа бағыты

Арнайы пәндер онкүндігінің ашылуы мен жабылуы: кәсіби дамудың жаңа бағыты

2025 жылдың 10–21 қараша аралығында колледжде «Есеп және аудит», «Банк және сақтандыру ісі», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының әдістемелік бірлестігі онкүндігі өтті. Онкүндіктің тақырыбы:
«Жасанды интеллекттің ұлттық валютаны цифрландыру жағдайында бухгалтерлік есептің дамуына және қаржылық бақылауға әсері».

Онкүндік бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, 1–3 курс студенттерін қамтыды. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, студенттердің белсенділігі мен шығармашылығымен ерекшеленді.

Салтанатты ашылуы

10 қарашада фойеде онкүндіктің ашылуы өтті. Мұғалімдер іс-шаралар жоспарын таныстырып, қаржы саласындағы жасанды интеллекттің рөлі мен ұлттық валютаны цифрландырудың өзектілігін атап өтті.

Онкүндік аясындағы негізгі іс-шаралар

Онкүндік барысында пікірталастар, интеллектуалдық ойындар, көрмелер, қонақ лекциялар және тәжірибеге бағытталған сабақтар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

  • «Қаржы, есеп және ЖИ: кәсіби дамудың жаңа көкжиектері» атты шығармашылық дебат;

  • «Денежный квест», «Қаржы лабиринті», «TechnoMind», «КиберИнтеллект» ойындары;

  • «Теңге – ұлт мақтанышы, экономиканың күші!» марафоны;

  • «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің символы» көрмесі;

  • Bereke Bank өкілі Нұрсултан Сматовтың қонақ лекциясы;

  • «Қаржыны ақылмен салу» пікірталасы және т.б.

Студенттер қаржы, ІТ-технология және ұлттық валюта тарихы бойынша білімдерін көрсетіп, талдау жасау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Онкүндіктің жабылуы

21 қарашада акт залында онкүндіктің қорытындысы — «Көңілді және тапқыр бухгалтерлер мен қаржыгерлер клубы» КВН-і өтті. Командалар бухгалтер мамандығына, қаржы тақырыптарына және жасанды интеллектке арналған көңілді миниатюралар мен шығармашылық қойылымдар ұсынды.

Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Мұғалімдер студенттердің жоғары дайындық деңгейін, бастамашылдығы мен ұйымшылдығын ерекше атап өтті.