--
--
Нархоз колледжінде дәстүрлі MOTIVATION DAY 7.0 өтті. Шара барысында колледж ұжымына кәсіби даму, корпоративтік мәдениет және заманауи жұмыс ортасындағы маңызды тақырыптар жайлы ақпарат ұсынылды.
Шараға спикер ретінде шақырылғандар:
Ахетов Мамай Қаниұлы, Алматы қаласы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі — антикоррупциялық саясатқа арналған баяндамасы.
Кенжали Кайсар Калиұлы, AKE Group басшысы және колледж түлегі — өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық кеңестер ұсынды.
Рытаев Акболат Каиырович, «Отбасы банк» АҚ жобалық менеджері — тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған қаржылық құралдарды таныстырды.
Колледждің өз қызметкерлері де спикер ретінде қатысты:
Қуаныш Темірлан — киберқауіпсіздік тақырыбында өз тәжірибесін бөлісті.
Мамедова Огылжан Исмахановна — академиялық саясат бойынша интерактивті кейстер өткізді.
Зульярова Зульмириям Баратовна — адалдық, жауапкершілік және ұйымды күшейтетін қағидалар жөнінде мотивациялық баяндама жасады.
MOTIVATION DAY 7.0 колледж ұжымына кәсіби даму мен корпоративтік құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара ретінде өтті.
