Narxoz College кампусында Ашық есік күні өтті! --
Narxoz College кампусында Ашық есік күні өтті!

22 желтоқсанда Narxoz College базасында Ашық есік күні сәтті өтті. Іс-шараға №111, №117, №185 және басқа да мектептердің 9-сынып оқушылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысып, колледждің қызметі мен оқу шарттары туралы толық ақпарат алды.

Ашық есік күні барысында қонақтар Narxoz College-інің білім беру бағдарламаларымен танысып, оқу үдерісін сезініп, жетекші оқытушылармен кездесті. Қатысушылар үшін экскурсия, ойын-сауық ойындары мен байқаулар ұйымдастырылып, олардың аясында колледж студенттерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Іс-шара жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Қонақтар ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, Narxoz College-іне болашақта оқуға түсуге қызығушылық танытты.