Қаржы әлеміне бағдар — табысты мансапқа жол! --
Қаржы әлеміне бағдар — табысты мансапқа жол!

Қаржы әлеміне бағдар — табысты мансапқа жол!

Narxoz College студенттері үшін ерекше шеберлік сағаты өтті. Біздің қонағымыз — Абзал Аскаров, Neomarkets компаниясының капиталды басқарушысы және ірі клиенттермен жұмыс департаментінің басшысы. Ол қаржы саласында табысты мансап құрудың қыр-сырын ашып, инвестиция мен капиталды басқарудың заманауи трендтерін түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер тәжірибелі маманнан нақты кеңестер алды: қалай қаржыгер ретінде дұрыс бағыт таңдау керек, қандай қателіктерден аулақ болу қажет, және өз кәсіби жолыңды тиімді жоспарлау тәсілдері. Әрбір кеңес болашаққа сенімді қадам бола алады.

Студенттер үшін бұл тек білім емес, сонымен қатар тәжірибе жинап, өз мақсаттарына бағыт алу мүмкіндігі болды. Кездесу жаңа идеяларға толы, шабыт беретін әрі шынайы тәжірибемен бөлісетін шара болды.