Біздің колледжде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы аталып өтті --
Біздің колледжде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы аталып өтті

Бүгін колледжде Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетілді, студенттер мен оқытушылар өлеңдерін оқып, ақынның шығармашылығын еске алды. Сонымен қатар, Мұқағалидің өмірінде оны көрген достары келіп, студенттерге ақынның қандай адам болғанын айтып берді.

Студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына терең қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Іс-шараның мақсаты – жастарға Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын таныстыру, әдеби мұрасын дәріптеу және патриоттық рухты ояту болды.