--
--
Цифрлық қауіпсіздік — болашақ кепілі: колледжімізде киберқауіпсіздік бойынша қонақ дәрісі өтті
Бүгінгі таңда ақпаратты қорғау кез келген маман үшін маңызды дағдыға айналды. Осы орайда біздің колледжде студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында салалық сарапшы Батырхан Серік Кермақынұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Дәріс барысында «Киберқауіпсіздік шынайы өмірде» тақырыбы аясында цифрлық кеңістіктегі өзекті қауіп-қатерлер талқыланды. Спикер студенттерге фишингтік шабуылдар, әлеуметтік инженерия және жеке деректерді қорғаудың заманауи әдістері туралы нақты кейстерді таныстырды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандан тікелей практикалық кеңестер алды.
Мұндай кездесулер колледжіміздің студенттеріне теориялық білімді нақты өмірлік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
