Ұлттық киімдер күні --
Ұлттық киімдер күні

Ұлттық киімдер күні

2026 жылғы 18 наурыз күні колледжімізде Наурыз мейрамына орай «Ұлттық киімдер күні» жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, студенттердің мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру және дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Мереке барысында студенттер мен оқытушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы таныстырылымдар жасады. Әсем камзолдар, шапандар, сәукелелер мен тақиялар ұсынылып, әрбір киімнің мәні мен мағынасы түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұлттық әндер шырқалып, билер орындалып, мерекелік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Ұлттық киімдер күні» колледж өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық шаралардың бірі болды.