--
Miss Narxoz College 2026: қазылар алқасында – біздің түлектер
--
29 сәуір күні өткен Miss Narxoz College 2026 байқауы жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараның шеңберінде өтті. Биылғы жылы ерекшелігі — қазылар алқасы Нархоз Колледжінің өз түлектерінен құралды.
Кенжали Қайсар (2011 жылғы түлек), Иманбек Ділназ (2022 жылғы түлек) және Адеева Дана (2023 жылғы түлек) — үшеуі де бүгінде өз салаларында жетістікке жеткен мамандар. Олар байқауға тек қазы ретінде ғана емес, жас ұрпаққа үлгі болу үшін де келді.
Нархоз колледж Alumni — бұл бітіргеннен кейін де жалғасатын байланыс. Бүгінгі студент — ертеңгі үлгі.
