Тарих

2002-2024 жылдардағы Колледж тарихы

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Экономикалық колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 17 мамырдағы No 01-05/53 бұйрығымен құрылды.

Талғар қаласы және оның маңындағы аудандардың жастары  үшін Экономикалық колледж-лицей экономикалық бағытта орта буын мамандарына білім беру, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне нарықтағы бәсекеге қабілетті жас студенттерді даярлауды ұйымдастыру және жоғары білім беру мақсатында құрылған.Талғар қаласындағы колледж-лицейдің алғашқы директоры болып техника ғылымдарының кандидаты, ҚазЭУ профессоры Н.А.Сәлменбаев тағайындалды. 2006 жылы 29 мамырдағы құрылтайшы шешімімен  «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті» мекемесінің  Талғар қаласындағы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжі» мекемесі филиалға ауыстырылды. Ал Алматы қаласындағы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжі» мекемесі басты оқу орны болып белгіленді. Талғар қаласыдағы  Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжі  Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжінің структуралық құрылымына филиал болып енді.Алматы қаласындағы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжі»  Талғар қаласындағы филиалмен білім беру ісін орталықталықтандырып ұйымдастырды.

Құрылтайшының 2013 жылғы 25 қарашадағы шешімі бойынша Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледж»  филиалы жабылды.«Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі» мекемесі «Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің экономикалық колледжі» мекемесі болып өзгертілді. 2016 жылдың сәуір айынан бастап колледж «Нархоз университетінің экономикалық колледжі» деп аталады.Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамытуға, республиканың мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарға деген әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қазіргі білім беру формаларын қалыптастыруға үлес қосу колледждің басты мақсаты болып отыр. Колледждің негізгі міндеттері мен функциялары:-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған қажетті жағдайлар жасау арқылы орта білімнен кейінгі техникалық кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру;-техникалық және кәсіптік білімі бар білікті мамандарды даярлау; -оқытудың жаңа технологияларын енгізу, колледж қызметін компьютерлендіру; -жаңа технологиялар негізінде өндіріс орындарын құру; -алыс және жақын шетелдердегі басқа білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру; -жарнамалық, консалтингтік, ақпараттық, маркетингтік, сервистік және басқа қызметтерді көрсету.

2002-2022 жылдар аралығында Колледж мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша мамандар дайындады. 2023 жылдан бастап тек қана күндізгі бөлімде мамандар дайындайды. Колледжде оқу-тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөлініп, соның нәтижесінде оқу және сабақтан тыс қызметтің әртүрлі салаларында студенттің жеке тұлғасының өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасалған.Колледжде тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін кураторлардың ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіретін кураторлар кеңесі жұмыс істейді. Кураторлар студенттерге оқу іс-әрекетінде көмек көрсетеді, жеке студенттерге оқу проблемаларын жеңуге көмектеседі, студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауына және олардың мамандықпен таныстыруына ықпал етеді. Алдын-алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлінген.Колледж студенттері қалалық, аудандық, облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысып отырады: Нуриев С. – 2 курс студенті – еркін күрестен халықаралық турнирлердің күміс жүлдегері; Чернова Д. – каратэден халықаралық жарыстардың қола жүлдегері, Алматы қаласының чемпионы: Турова А.- 2 курс студенті – су добынан халықаралық жарыстардың қола жүлдегері, т.б.Оқу процесін оңтайландыру және жетілдіру, мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында «Өндірістік практиканы ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және түлектермен қарым-қатынас орталығы» құрылды.Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыс берушілермен байланыс орнату мақсатында  жыл сайын бос орындар жәрмеңкелеріне қатысады. 2008 жылдың наурыз айында колледж Б.Шолақ спорт кешенінде «Premium Personnel Department» журналы өткізген бірінші ірі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік серіктестері болып табылатын Қазақстан Республикасы банктерінің барлық өкілдерімен жәрмеңкелер өткізіп, бітірушілердің еңбекке араласуына ықпалын тигізіп отырады.Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында колледжде «Компьютерлік технологиялар және тестілеу орталығы» және оқу процесін оңтайландыру және жетілдіру, білім сапасын арттыру, сондай-ақ оқу процесін бақылау мақсатында «Оқу процесін бақылау департаменті» құрылды.Колледжде жоғарыда аталған мамандар даярлау сапасын дамыту мақсатында ғылыми-әдістемелік жұмыстар да кең көлемде ұйымдастырылады. Мәселен «Білім мен кәсіби дағды – қазіргі білім беру жүйесінің негізгі бағдары» тақырыбында өткен оқу-әдістемелік конференция Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы жағдайындағы оқытудың әдістерін жаңарту, оқытудың инновациялық әдістерін талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Сонымен бірге студенттер арасында «Ғылым және жастар: бүгіні мен болашағы», «Ақпараттық жүйелер және цифрлық технологиялар – 21 ғасыр талаптары», «Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясы» атты ғылыми студенттік конференциялар да өткізіледі. Осы жылдар аралығында «Білім беру жүйесінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкестігі», «Білім беру жүйесін жаңғырту – білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу жолы», «Білім беру жүйесіне жаңашылдықтың ықпалы», «Жаһандық қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына ықпалы», «Жаһандану және оның Қазақстан экономикасына әсері»  атты ғылыми-теориялық конференциялар өтеді және ұсынылған баяндамалардың өзектілігін, жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ озық инновациялық тәжірибемен алмасу мақсатында осы конференциялардан баяндамалар жинақтары шығарылды. Алматы қаласында колледж студенттері арасында өткен «Жастар бизнесі: тәжірибе және заманауи шындық» қалалық бизнес жобалар байқауында біздің студент жүлделі орынға ие болды (Кирилл Акулов). Жыл сайын өтетін «Мен кәсіпкермін» Республикалық Гранд турниріне колледж студенттері қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады.      «Қазақстан Президентінің Ұлытау етегіндегі ойлары» атты дөңгелек үстел өтіп, онда заманауи экономиканың даму мәселелері, ел тарихы, тіл, дін мәселелері талқыланды.Білім сапасын арттыру бойынша жұмыстың маңызды бағыттары білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зияткерлік, физикалық және рухани дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру болып табылады.Бүгінгі таңда сапалы білім бере отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындайтын білім ошақтарының бірі, «Нархоз университетінің экономикалық колледжі» мекемесі болып отыр.