Narxoz College студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытуға, оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Колледждің негізгі құндылықтары:
АДАЛДЫҚ — Біз іс-әрекеттерімізге және қабылдайтын шешімдерімізге адалмыз.
ӨЗАРА ҚҰРМЕТ — Біз серіктестік пен өзара сыйластық қағидаттарына негізделе отырып ынтымақтасамыз.
ӘДІЛЕТТІЛІК — Біз әр адамның еңбегін құрметтейміз және оны әділ бағалаймыз.
КӘСІБИЛІК — Біз үздіксіз дамуға ұмтыламыз және қол жеткізген жетістіктермен шектелмейміз.
ЭМПАТИЯ — Біз бірлесе жұмыс істей отырып, бір-бірімізге қамқорлық танытамыз.
КЛИЕНТКЕ БАҒЫТТАЛУ — Біз ішкі және сыртқы клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және олардың үміттерінен асып түсуге тырысамыз.
Narxoz College әрбір қызметкері колледждің құндылықтарын толықтай қолдайды және өз қызметінде сол құндылықтарға сай әрекет етуге ұмтылады.
