Жаңа оқу жылындағы алғашқы экскурсия --
Жаңа оқу жылындағы алғашқы экскурсия

Narxoz College-тің 3-курс «Құқықтану» мамандығының студенттері 30 қыркүйекте жаңа оқу жылын алғашқы экскурсиядан бастады.
Олар қосымша курстар аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тергеу изоляторына барды.

Мұндай сапарлар студенттерге нақты тәжірибемен танысып, мамандықтың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.