--
--
Құттықтаймыз!
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Утебекова Эльдана Владиславовна Шотландияның ең көне университетінде (Оксфорд пен Кембриджден кейінгі үшінші) — University of St Andrews университетінде MSc in TESOL магистрлік бағдарламасын сәтті аяқтады.
Оқу барысында Эльдана өзекті тақырыпқа ғылыми зерттеу жүргізді:
“Gender bias in AI-Generated texts: A study of gendered & neutral prompts in ChatGPT’s portrayal of professional roles in reading texts”.
Бұл жұмыс жасанды интеллект тудыратын мәтіндердегі гендерлік стереотиптердің көріністерін және олардың оқу материалдарындағы кәсіби рөлдерді қабылдауға әсерін зерттейді.
Біз Эльдананың кәсіби жетістіктерін және колледжіміздегі ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға қосып жүрген үлесін мақтан тұтамыз.
