KOLESA визиті: студенттерге мотивация сыйлаған кездесу --
KOLESA визиті: студенттерге мотивация сыйлаған кездесу

Kolesa Group маркетологы Максим Опольский Narxoz College студенттеріне лекция оқыды

Narxoz College-де Kolesa Group маркетологы Максим Опольскийдің ашық дәрісі өтті. Ол студенттермен сұранысқа ие цифрлық өнімдерді жасау тәжірибесімен және нарықтағы ірі жобаларды дамыту жолдарымен бөлісті.

Кездесу барысында Максим кез келген салада №1 өнім қалай жасалатынын, заманауи өнімдік командалар қандай тәсілдерді қолданатынын және аудиторияны терең түсіну, креатив пен аналитиканың неге маңызды екенін түсіндірді.

Студенттер төмендегілер туралы білді:

  • өнім және маркетинг саласында қандай дағдылар жоғары бағаланады;

  • гипотезаларды қалай тестілеу және деректерге сүйене отырып шешім қабылдау керек;

  • мықты digital-командаларды не ерекшелендіреді;

  • IT-өнімдер саласында мансапты оқу кезінде-ақ қалай бастауға болады.

Лекция соңында Максим студенттерге практикалық кеңестер беріп, дағдыларды «кейінге» қалдырмай, нақты жобаларда өзін сынап көруге шабыттандырды.

Осындай кездесулер студенттердің мамандықты тереңірек түсінуіне және индустриядағы табысты мамандарды жақыннан көруіне мүмкіндік береді.