Үздік пікірсайысшылар – біздің пікірсайысшылар --
Үздік пікірсайысшылар – біздің пікірсайысшылар

2025 жылғы 30 мамырда Алматы қаласындағы Авиациялық колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – Қазақстан азаматының құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында қала колледждері студенттері арасында пікірталас турнирі өткізілді.

Аталған сайысқа Кенесариева Ақерке апайдың жетекшілігімен колледжіміздің үш студенті қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті 👏
Нәтижесінде Нархоз колледжі 1-орынды иеленіп, колледж абыройын асқақтатты 🏆❤️