Narxoz College New Vision 2025 форумында! --
Narxoz College New Vision 2025 форумында!

Narxoz College at New Vision 2025: жаңа идеялар мен шабыт күні! ✨

10–11 қазан күндері біздің колледждің студенттері мен қызметкерлері Алматы қаласында өткен халықаралық New Vision форумының мазмұнды бағдарламасына қатысты! 🌍

Бұл күні бизнес болашағы, көшбасшылық және инновациялар тақырыптарында әсерлі баяндамалар мен панельдік пікірталастар өтті.
Спикерлер қатарында — Джефф Хоффман (Booking.com негізін қалаушы), Люк Джулия (Siri жасаушысы), Ариф Анис, Арсен Томский және басқа да әлемдік деңгейдегі ой көшбасшылары болды. 💡

Форум тақырыптары студенттерімізге жаңа идеялар сыйлап, жобаларды кеңейту, креативті ойлау мен кәсіпкерлікті дамытуға шабыт берді. 🚀