Popeyes компаниясымен кездесу: Нархоз студенттері үшін мансаптық бағыттар --
Popeyes компаниясымен кездесу: Нархоз студенттері үшін мансаптық бағыттар

Popeyes компаниясымен кездесу: Нархоз студенттері үшін мансаптық бағыттар

Жақында Нархоз Колледжінде Popeyes халықаралық брендінің өкілі Усабай Данагүлмен танымдық кездесу өтті. Шара барысында студенттер жаһандық компаниядағы жұмыс процестері мен заманауи менеджменттің қыр-сырымен танысты.

Данагүл ханым мансаптық өсу мүмкіндіктері мен студенттерге арналған икемді бағдарламалар туралы айтып берді. Бұл кездесу қатысушыларға оқу мен тәжірибені қалай ұштастыруға болатынын және халықаралық стандарттарға сәйкес маман болып қалыптасу жолдарын көрсетті. Нархоз Колледжі өз студенттерінің ірі индустрия өкілдерімен тікелей диалог орнатуына үнемі жағдай жасап келеді.