--
Республика күні — еркіндік пен бірліктің мерекесі!
--
Narxoz колледжінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Narxoz колледжінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу, ел тарихына құрметпен қарау және тәуелсіздіктің құндылығын ұғындыру болды.
Мереке барысында студенттер патриоттық әндер орындап, би және театрландырылған қойылымдар көрсетті. Қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, Қазақстанның жарқын болашағына сенімдерін білдірді.
Іс-шара жылы әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, көрермендерге ерекше әсер мен жақсы көңіл сыйлады.
