Наурыз айы жаңар деді. Біз ісімізбен дәлелдедік. --
Наурыз айы жаңар деді. Біз ісімізбен дәлелдедік.

Біздің колледжімізде Жаңару күніне орай колледж аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Жаңару күні – жаңа жылды жаңашылдық пен жаңа бастамалардан бастау символы. Осы күнді мерекелеу арқылы студенттер мен оқытушылар өз өмірінде де жаңалық енгізуге, ескі әдеттерді тастап, жаңа мақсаттарға ұмтылуға шақырылады.

Ағаш отырғызу шарасы – табиғатқа қамқорлық жасау, қоршаған ортаны қорғау және колледж аумағын көгалдандыру мақсатында өткізілді. Қатысушылар әрбір отырғызылған ағаштың колледждің жасыл желекке айналуына үлес қосатынына сенім білдірді. Мұндай іс-шаралар студенттерді жауапкершілікке, экологиялық мәдениетке және қоғамға пайдалы істерге белсенді қатысуға тәрбиелейді.

Жаңару күні ағаш отырғызу арқылы Narxoz College студенттері мен оқытушылары бірлесіп қоршаған ортаны жақсартуға және болашаққа үлес қосуға мүмкіндік алды. Бұл шара тек экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар жаңару мен өсудің, жаңа бастамаларға деген сенімнің символы болып табылады.