Сандық әдістемелік кабинет
Бүгінгі таңда кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруда әдістемелік қызмет маңызды рөл атқарады, себебі колледждің инновациялық қызметінің табысты болуы көп жағдайда оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік-эксперименттік жұмысты меңгеру деңгейіне байланысты.
Ғылыми-әдістемелік жұмысты ақпараттық қолдау мақсатында цифрлық әдістемелік кабинет құрылды. Барлық ақпарат (нормативтік, әдістемелік және т.б.) электрондық форматта ұсынылып, қажетті материалдарға жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді. Электрондық әдістемелік кабинетте жұмыс істеу оқытушылардың нормативтік құжаттарды, оқу-әдістемелік материалдарды, анықтамалық және басқа да ғылыми-әдістемелік ақпараттарды іздеуге жұмсайтын уақытын едәуір қысқартады.
Цифрлық әдістемелік кабинетінің мақсаты – оқу-әдістемелік құжаттарды сақтау, алмасу және пайдалану үшін оңтайлы жағдай жасау, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру және колледж әкімшілігі мен оқытушылар ұжымының қызметін автоматтандыру.
Цифрлық әдістемелік кабинет құрамына оқу-әдістемелік ақпараттар қоры, әдістемелік ұсынымдар мен ережелер, колледжде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралар банкі және басқа да материалдар кіреді.
Цифрлық әдістемелік кабинет – бұл педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін арттыруға қажетті жағдай жасайтын көпқырлы ақпараттық-білім беру ортасы. Бұл ресурс оқытушылардың үздіксіз білім алуына, қажетті ақпаратты кез келген уақытта алуына нақты мүмкіндік береді. Сайттың мазмұны үнемі жаңартылып, педагогтердің кәсіби қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша өзекті ақпарат ұсынылады.
Цифрлық әдістемелік кабинет – оқытушылар үшін тиімді әдістемелік кеңістік ұйымдастыру мүмкіндігі. Біз платформамызды қазіргі заман талаптарына сай етіп жасауға, сайттың навигациясын интуитивті түсінікті және ыңғайлы етуге, ал дизайнды заманауи етуге тырысамыз.
Біздің платформа дәстүрлі әдістемелік қызмет түрлерін кеңейтіп, толықтырады және цифрлық білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Бұл білім беру бағдарламаларын сапалы сүйемелдеуге, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға және тәжірибе алмасу арқылы өзара әрекеттесуге ықпал етеді.