Narxoz университетінің экономикалық колледжі

«0515000 Менеджмент (салалар бойынша)» мамандығының студенттері үшін Туриспаев Айжарык Молдагалиевичтың дәрісі

Біздің колледжімізге 03.02.2020 ж. «Менеджмент» мамандығы МР-231 тобына Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің банктерді қадағалау департаментінің №1 инспекциялау басқармасының бастығының орынбасары Туриспаев Айжарык Молдагалиевич қонаққа келіп, «Ақша айналымы түсінігі. ҚР ақша айналымы заңы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында ақша агрегаты, ақша айналымы және ақша айналымы жылдамдығы тақырыптары кеңінен ашылды.

Сонымен қатар студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қызметі жайлы ақпаратпен танысты.

Студенттер таныстырылып отырған тақырыпқа қызығушылық білдіріп төмендегідей сұрақтар қойылды: 1) Сіз осы дәрежеге қалай жеттініз? 2) Ақша массасын реттеу қажеттілігі? 3) ҚР Ұлттық Банк қызметі туралы?

Студенттер бұл кездесуденөте жақсы әсер алды.