Narxoz университетінің экономикалық колледжі

«0516000 Қаржы (салалар бойынша)» мамандығының студенттері үшін жапондық маман Яманаки Ёшиконың қонақ дәрісі

Оқытылатын пәндердің тәжірибелік жақтарын түсінуді жақсарту мақсатында, «Қаржы» мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын 3 курс Қ-332 тобының студенттеріне 2020 жылдың 9 қаңтарында Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) шақырылған жапондық маманы ЯМАНАКА Ёшико ханым «Жапония мен Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды.
Қонақжай дәріс барысында ЯМАНАКА Ёшико ханым Жапониямен халықаралық ынтымақтастық түрлері туралы және Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады.
Студенттер қонақ дәрісіне үлкен қызығушылық танытты. Соңында Яманака ханым «Қаржы» мамандығының студенттеріне оқуында сәттілік тіледі.