Бүгінгі күннің басты көрсеткіші – 55 --
Бүгінгі күннің басты көрсеткіші – 55

Қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді: Narxoz College 3-курс студенттерінің 55-і оқу бітірмей тұрып жұмысқа орналасты.

Бұл біз және әріптестеріміз үшін жұмыс берушілермен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың маңызды нәтижесі. Басты мақсатымыз – студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту және олардың еңбек нарығына ерте бейімделуіне мүмкіндік жасау.

Бағыттар бойынша бөлініс:
Есеп және Аудит – 23 студент
Менеджмент – 10 студент
Маркетинг – 8 студент
Құқықтану – 6 студент
IT – 5 студент
Банк ісі – 3 студент

Пайыздық көрсеткіш бойынша жұмысқа орналасқан студенттердің ең үлкен үлесі қаржы, есеп және аудит бағытына тиесілі – 41,8%. Одан кейін менеджмент – 18,2%, маркетинг – 14,5%, құқықтану – 10,9%, IT – 9,1%, банк ісі – 5,5%.
Бұл бағыттағы жұмыс практикалық білім беру мен жұмыс берушілермен тығыз байланыстың нақты нәтиже беретінін көрсетеді. Біз үшін студенттің тек диплом алып қана қоймай, оқу бітірмей тұрып жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін өзекті құзыреттерді меңгеруі маңызды.