--
IT-индустриясының инсайды: Нархоздағы “Wonder Kazakhstan” сарапшысымен кездесу
--
IT-индустриясының инсайды: Нархоздағы “Wonder Kazakhstan” сарапшысымен кездесу
Нархоз Колледжінің студенттері IT әлемінің нағыз драйверлерімен бір толқында. Кезекті қонақ дәрісте “Wonder Kazakhstan” өкілі Алишер Қалиев Мадьярұлы өз тәжірибесімен бөлісті. СДУ магистрі әрі тәжірибелі маманмен өткен еркін форматтағы сұхбат студенттерге заманауи технологиялар мен математикалық ғылымдардың бизнеске қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік берді.
Нархозда оқу — бұл тек лекция емес, бұл саланың үздік сарапшыларымен тікелей нетворкинг орнатудың бірегей мүмкіндігі.
