--
--
Біздің түлектер — біздің мақтанышымыз!
Нархоз колледжінің деңгейін оның түлектері бағындырған белестерден байқауға болады. Біз 2023 жылғы түлегіміз Мәуленбай Шолпан Қадырқызының кәсіби жетістіктерімен мақтанамыз. Бүгінде ол еліміздегі ең ірі кинотеатрлар желісі — Kinopark Theatres компаниясының PR & Media бағытын сәтті басқарып, нарықта өз қолтаңбасын қалдыруда.
Жақында Шолпан өзі білім алған қара шаңырағына арнайы келіп, студенттердің жағдайына бейжай қарамайтынын көрсетті. Ол Нархоз Колледжі жатақханасының техникалық базасын жаңарту мақсатында екі жаңа кір жуғыш машина орнатып берді. Бұл — табысты маманның өз білім ордасына деген шынайы құрметі мен сабақтастықтың белгісі.
Нархоз колледжі осындай деңгейі биік және өз ісіне адал түлектерімен мақтанады!
