--
--
Неліктен біреулер 3 айда өседі, ал біреулерге 3 жыл қажет
Narxoz College-де Lanzhou желісінің даму директоры Гүлсым Азанбекованың қонақ дәрісі өтті
Кездесу барысында спикер 30-дан астам мейрамхананың ашылуына қатысу тәжірибесімен бөлісіп, бизнес үдерістерін масштабтау, операциялық модельдерді қалыптастыру және командаларды басқару бойынша практикалық түсінік берді. Қазіргі таңда Гүлсім басқарушылық бағытта дамуды көздейтін мамандарға менторлық етеді.
Дәріс аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
– мансаптың іс жүзінде қалай қалыптасатыны және оның кезеңдері
– бастапқы кезеңде жиі жіберілетін қателіктер және олардың әсері
– кәсіби өсуді жеделдететін шешімдер мен тәсілдер
– мықты мамандарды ерекшелендіретін дағдылар мен мінез-құлық модельдері
– жауапкершілік, бастама және нәтижеге жұмыс істеудің маңызы
Сонымен қатар, дәріс барысында нақты кейстер мен тәжірибелік жағдайлар талқыланып, қатысушылар мансаптық дамуға тікелей әсер ететін құралдар мен тәсілдер бойынша нақты түсінік алды.

