Narxoz университетінің экономикалық колледжі

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 25-жылдығына орай өткізілген «SELF DEVELOPMENT! GO AND PLAY! THINK AND GROW RICH!» атты онкүндіктің аясында 2018 жылдың қараша айының 13 жұлдызында «Статистика» пәнінен іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 25-жылдығына орай өткізілген «SELF DEVELOPMENT! GO AND PLAY! THINK AND GROW RICH!» атты онкүндіктің аясында 2018 жылдың қараша айының 13 жұлдызында «Статистика» пәнінен іс-шара өтті. Іс-шараға жауапты Сапаргали Альбина Мэлсовна мен Турдугулова Жанар Бакытбековна болды. Алматы құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Тураисова Жанар Ахметовна және студенттері қонақта болды.

         Бұл іс-шараның негізгі мақсаты статистика саласындағы Қазақстанның қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері мен проблемаларын талқылау болды. Осы мақсатқа жету үшін студенттер 3топқа бөлініп, келесі интеллектуалды ойындар ойнатылды:

1. Караоке-ойын «Мои финансы поют романсы»;

2. Іскерлік-ойыны «Финансовая сказка»

3. Лотерея-ойыны «Jackpot»

Ойынға қонаққа келген АСТК студенттері мен біздің колледждің МК-331, МК-332, МК-333 группаларының студенттері қатысты. Іс-шара қызықты және мазмұнды өтті. МК-331 топтың студенттері жеңімпаз атанды.